jasqazaq.kz

Қазфосфатқа жоспардан тыс тексеру жүргізілуде

12 шiлде 2022, 11:43

11 шілде күні сағат 20: 00-де «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар ЖШС Жамбыл филиалы күкірт қышқылы цехында авариялық жағдай орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Зауыттың ақпаратына қарағанда, абсорбердің моногидратты сорғысы істен шыққан. Нәтижесінде газ (күкірт триоксиді) тараған.

«Болған апат туралы жедел ақпарат алған Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшылығы мен зертханалық талдау бөлімінің басшысы Тараз қаласының прокуратурасымен бірлесіп, сағат 21.20-да Сүлейманов көшесіндегі зауыттың санитарлық-қорғау аймағын өлшеді. Нәтижесінде фторлы сутегінің едәуір артқаны анықталды. Аммиак, күкіртсутек және көміртегі оксиді бойынша асып кету анықталған жоқ. Сондай-ақ сағат 22.05-те Шайқорық кентінің маңындағы зауыттың СҚА-да ұқсас ластаушы заттарға өлшеу жүргізілді, ластаушы заттардың артуы анықталған жоқ», — деп жазды кәсіпорыннан.

«Қазгидромет» РМК Жамбыл филиалының мәліметінше, қалада ауаның ластануы қалқыма бөлшектер бойынша 1 ШЖК аспайтын деңгейде байқалады. Зертханалық құралдармен қайта жарақтанып, Polar газ анализаторын алған департамент қызметкерлері, соңынан прокуратура мамандары күкірт қышқылы цехының ластаушы заттар шығарындыларының көзінде өлшеулер жүргізу үшін, Кәсіпкерлік кодексінің негізінде «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар ЖШС-на жоспардан тыс тексеруге барды. Өлшеу кезінде цех жұмысын тоқтатып үрлеу бойынша жұмыстар жүргізілді, алайда мұнда да ластаушы заттардың асып кетуі анықталған жоқ.

«Қазіргі таңда, департамент пен «Қазгидромет» мамандары бірлесіп атмосфералық ауаның жай-күйімен сапасына мониторинг жүргізуде. Осы оқиғаға байланысты облыс әкімінің тапсырмасы бойынша экология департаментінің өкілдері құрамына кіретін жұмыс тобы құрылғанын қосымша хабарлаймыз», — делінген ведомствоның хабарламасында.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр