jasqazaq.kz

«Қазфосфат» кәсіпорында апат болып, екі қызметкер көз жұмды

02 шiлде 2022, 13:08

Жамбыл облысы полиция департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, жұмысшылар ұсақтау машинасының астында қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылдың 1 шілдесінде полицияға «Қазфосфат» ЖШС екі қызметкердің қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 4-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады полиция департаменті. Қажетті сараптамалар тағайындалды және тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу және процессуалды кодексінің 201-бабы аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды. Бірқатар қазақстандық БАҚ-та жарияланған расталмаған ақпаратқа сәйкес, оқиғадан 5 адам зардап шеккен, оның ішінде 2 адам қаза тауып, 3 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр