jasqazaq.kz

«ҚазАвтоЖолға» жаңа басшы келді

01 ақпан 2022, 17:07

Мейірхат Қасымбаев «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ИИДМ сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Мейірхат Мейрамханұлы Қасымбаев «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол 1980 жылдың 21 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Заңгер және қаржыгер мамандығының иесі. Лондон экономика және саясаттану мектебінде мемлекеттік басқару курстарынан өтіп, Сингапурда біліктілігін арттырған. Мейірхат Қасымбаев 11 жыл құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызмет құрылымдарында түрлі лауазымдарда қызмет етті. Жол және инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан асады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде