Қазақстанда 1-30 қазан аралығында халық санағы өтеді. Бұл туралы ОКҚ баспасөз мәслихатында айтылды. «2016 жылы ТМД елдерінің басшылары ТМД елдері аясында халық санағын 2020 жылы өткізу туралы шешім шешім қабылдаған. Үкіметтің қаулысы шықты, қаулыға сәйкес, 1-30 қазан аралығында санақ жүреді», — деді ҚР Ұлттық экономика минстрлігі Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов. Айтуынша, маусым айының 1 мен 30 аралығында интервьюерлер тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайлардың, сондай-ақ онда тұратын тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елді мекенді аралап шығады. «Қазан айының 1 мен 15 аралығында, яғни тікелей халық санағының алғашқы 15 күнінде интернет-сауалнама жүргізіледі. Интернет-сауалнамада респонденттер өзіне және отбасы мүшелері үшін интернет желісі арқылы sanaq.gov.kz арнайы сайтында санақ парақтарын өз бетінше толтырады», — деді статистика комитетінің төрағасы.