jasqazaq.kz

Қазақтың түйелерін арабтар ұшақпен әкетуде

06 қараша 2018, 17:44

30 шақты түйе ұшақпен Қызылордадан Біріккен Араб Әмірлігіне жіберілді. Араб кәсіпкерлері қазақтың түйелері қызығып сұрау салған, деп жазады Қазақпарат.

«Жеңіс» шаруа қожалығының басшысы Есет Серімов түйелеріне араб бизнесмендерінің көзі түсіп сұрау салғанын айтты.

«Араб кәсіпкерлері «Бір туған нар» деп аталатын түйе тұқымын, айыр өркешті асыл тұқымды түйелерді алды. Араб әмірлігі ыстық, құмды шөлді келгендіктен көбіне түйе өсіреді. Біздің өңірдің табиғаты арабтардың табиғатына ұқсайды. Сондықтан бизнесмендері біздің түйелерге қызығушылық танытып отыр», – дейді Есет Серімов.

Бір туған нар тұқымы айыр өркешті мен түркімендік түйелерді будандастыру арқылы алынған.

Араб байлары осы қожалықтан 20 бас, басқа шаруалықтан 9 бас түйе алған. Алдағы уақытта Қазақстанға келіп, тағы сауда жасайтын жоспары бар. Олар ірі қараны ұшақпен тасымалдайды.

Қызылорда облысынан араб кәсіпкерлері 100 түйе сатып алған.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді