jasqazaq.kz

«Қазақтың Мессиі» Ордабасы клубына ауыспайтын болды

24 ақпан 2019, 15:08

Уфа» футбол клубының басшылығы қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахметті «Ордабасы» командасына жібермей қойды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Шымкенттік клубтың менеджерлері болашағынан зор үміт күттіретін футболшыны өз қатарына қосу үшін бар күшін салды. Алайда «Уфа» басшыларына Сейдахметке қатысты жаңа, бұдан да тиімді ұсыныс түсуіне байланысты келіссөздер аяқсыз қалды. Бірақ бұл қандай ұсыныс екені айтылмады. Еркебұланға қызығушылық білдіріп отырған екінші клуб Алматының «Қайраты» болуы мүмкін. Алматылықтармен арадағы келіссөздер де оңай өтіп жатқан жоқ. «Қазақ Мессиін» сатып алғысы келетіндер үшін басты кедергі — жас футболшының бағасы. Бұған дейін Еркебұлан Сейдахмет «Ордабасы» командасына ауысуы мүмкін екені хабарланған болатын. Тараптар келісімге келіп қойды делінген еді. Футболшының өзі «Қайрат» сапына ауысқысы келеді. Өйткені алматылық командада Еркебұланның бала кезден сүйікті ойыншысы Бауыржан Исламхан ойнайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде