jasqazaq.kz

Қазақтың көрпесі Лондонда мың доллар тұрады

24 желтоқсан 2019, 10:46


Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарға ең аз инвестициялармен қандай бизнес жасауға болатынын айтты. 
Оның айтуынша, қазір микро, шағын және орта бизнеспен айналысқан тиімді. «Жұмыс істеу үшін үлкен мүмкіндіктер. Біз бұл саланы дамытамыз, бұл біз үшін басым бағыт, өйткені бұл бизнес ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да жағдайға тез бейімделеді. Ішкі нарық шағын болғанына қарамастан, көршілес — ресейлік, өзбекстандық нарықпен салыстырғанда мұнда көптеген мүмкіндіктер бар. Бірінші кезекте күрделі процестерді қажет етпейтін азық-түлік, өнеркәсіптік өнімдер, мысалы, ойыншықтарды өзіміз шығаруды ұсынар ем. Ең маңызды бағыт — туризм», — деп Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Министрдің айтуынша, перспективалы бағыттардың бірі — былғары және аң терісі бұйымдарын шығаратын цехтер.

«Мен Нұр-Сұлтанның әкімі болған кезде біз өте қызықты бағытты ойластырдық — ол дәстүрлі қазақ кәмпиттері, көрпелер, оны Лондон базарларында бірнеше мың фунтқа сатуға болады (1 доллар — шамамен 0,77 фунт). Бұл үй шаруасындағы әйелдер үйде жасай алатын жұмыс», — деді министр.

 Stan.kz 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда