
Армения, Ресей, Қырғызстан мен Беларусьтен әкелінген көліктердің жыры жалғасуда. Бұл туралы Atameken Business-ке сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды..
Шетелдік нөмір тағынған темір тұлпарлар наурыздың біріне дейін ел аумағында тіркелуі тиіс, бірақ көлік қожайындары тіркеу мерзімін тағы да ұзартуды сұрап отыр.
Сөйтсек, рөлі оң жақта орналасқан машинаны алғандар енді сол рөлдің орнын ауыстыра алмай жатыр екен. Ал ауыстыру мүмкін бе және бұл қаншалықты қауіпсіз?