jasqazaq.kz

«Қазақтар Африкада аң аулап жүр» (видео)

16 сәуiр 2021, 10:40

Қазақстандықтар мессенджерлерде «Қазақтар Африкада аң аулады» деген видео таратып жатыр. Видеода белгісіз біреулер жабайы жануарды өлтіріп жатқаны көрсетілген, болжам бойынша оқиға Африкада болған.

Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі баспасөз хатшысы Самал Ибраева видеоға қатысты пікір білдірді.

«Біздің отандастарымыз жабайы экзотикалық жануарларды аулап жатқан видеоны көргеннен кейін жағымсыз сезім туып, тіпті көңілім қалды, оқиға шамасы «Африкада» болған. Мен мұны адам мәдениетінің ең төменгі көрсеткіші деп санаймын. Адамдар үшін бұл шынымен көңіл көтеру екені таңғалдырады — оларға жануарларды өлтіру құқығы берілгендей! Бұл жайт жануарлар тағдырына бей-жай қарамайтын адам ретінде мені қынжылтты. Экзотикалық елде де біз адам бола білуіміз керек. Мен мұндай әрекеттерді қолдамаймын. Ал жануарларға обал.

Мен қоғамдағы кез келген қатыгездіктің жазасын беріп, соттау керек деп санаймын. Әйтпесе, біз барлық техникалық жетістігімізге қарамастан қайтадан варварлық өмірге ораламыз», — деді Самал Ибраева.

tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия