«Қазгидромет» өкілдері ертең еліміздің 4 облысында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша СҚО, Қызылорда, Қостанай және Маңғыстау облыстарында найзағай, бұршақ, жел күтіледі.
29 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с сақталады. 29 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 29 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 29 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 30 мамырда түнде және тәңертең кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: 29 мамырда күндіз найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 30 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Маңғыстау облысында 29 мамыр күндіз найзағай, нөсерлі дауыл мен 15-20 м/с солтүстік-батыстан соғатын жел күтіледі.