jasqazaq.kz

Қазақстанның тағы төрт облысында ескерту жарияланды

15 ақпан 2020, 21:03

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласында 16 ақпанда тұман, көктайғақ және бұрқасын болуы мүмкін.

Ал Ақмола облысында күндіз қар жауып, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында күндіз — көктайғақ.

Бұл күні Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Петропавл қаласында күндіз қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

16 ақпанда түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ байқалуы мүмкін, батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Сонымен бірге, Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысып, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия