jasqazaq.kz

Қазақстанның тағы бір аймағында карантин күшейтілді

15 қазан 2020, 17:43

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустық инфекция жағдайларының көбеюіне байланысты шектеу шаралары күшейтілді.

Солтүстік Қазақстан облысында облыстың санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. 16 қазан сағат 00:00-ден бастап елімізде шектеу шаралары енгізіледі.

Солтүстік Қазақстанда сауда және ойын-сауық орталығы, кафелер, моншалар мен сауналардың жұмыс уақыты 22:00-ге дейін қысқарды.

Қоғамдық тамақтандыру орындарында орындардың саны 50 емес, 30 адамға дейін рұқсат етілген. Сенбі-жексенбіде тамақтану пункттері жеткізу режиміне ауысады. Демалыс күндері туристік нысандар, фитнес-орталықтар, сауда және ойын-сауық орталықтары (тамақ өнімдерін сататын нысандар, дәріханалардан басқа) өз қызметін тоқтатады.

Демалыс күндері қоғамдық көліктер де тоқтатылады.

Мемлекеттік органдардың , квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, басқа ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысы Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистика қызметінің нөмірі 43-қаулысының талаптарын сақтай отырып белгіленеді. Сонымен қатар, қызметкерлердің кемінде 50 пайызы қашықтықтан жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында Булаево және Мамлютка қалалары, Явленка ауылы қатаң карантинге жабылған болатын. Облыста алты бақылау-өткізу пункті бар.

Бұған дейін карантиндік шаралар Маңғыстау мен Атырау облыстарында күшейтілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде