
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады.
«Салехард аудандарынан суық антициклон Қазақстанның ауа райына әсер етеді. Жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде: оңтүстік аймақтарда -10…-20℃ дейін, солтүстік аймақтарда -32…-40℃ дейін. Еліміздің кей жерлерінде тұман және желдің күшеюі күтіледі» делінген хабарламада.
ҚазАқпарат