jasqazaq.kz

Қазақстанның Ресейдегі елшісі тағайындалды

29 қантар 2020, 14:22

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды. «Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалсын», — делінген Жарлықта. Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Ермек Көшербаев Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы КСРО СІМ Дипломатиялық академиясын, 1998 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Ермек Көшербаев Қазақ КСР СІМ-де, Қазақстан Президенті Әкімшілігінде, ел Үкіметінде, Сыртқы істер министрлігінде, «Нұр Отан» ХДП-да, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да әртүрлі лауазымдард атқарды, сондай-ақ «Ертіс «ӘКК»ҰК АҚ-да басшы болды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде