jasqazaq.kz

«Қазақстанның көк туын жоғары көтергеніме қуаныштымын»

25 қазан 2020, 11:30

Қазақстандық спортшы Шавкат Рахманов (13-0) UFC ұйымындағы бірінші жеңісінен кейін октоганның ішінде берген сұқбатында Қазақстанның көк туын асқақтатқанына және жақында ғана өткен туған күніне керемет сыйлық жасағаны туралы айтты. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Еске салайық, Рахманов UFC ұйымындағы өзінің бірінші кездесуін бразилиялық Алекс Оливейраға қарсы өткізіп, бірінші раундта қарсыластын қылқындыру әдісімен жеңді.

— Мен үшін өте эмоционалды сәт болып тұр. Қазақстанның көк туын жоғары көтергеніме шын қуаныштымын. Өз еліме жеңіс сыйлағаным үшін өте бақыттымын. Қарсыласым тәжірибелі болды. Сондықтан дәл осылай жеңіске жеткенімен ризамын.

— Сен алдымен қарсыласыңның бүйіріне тіземен әдемі соққы жасадың. Содан кейін мойнын ұстап қалдың. Сенің қылқындыру әдісін жақсы істейтініңді білетін едік. Бірақ мұншалықты деп ойламадық …

— Қарласымның мойны жақсы түсіп қалды. Оның орнында басқа кез-келген спортшы болғанда да берілетін еді.

— Сенің салмағыңда мықты спортшылар өте көп. Бірақ сенің көрсеткішің 13-0. Кез-келген спортшыда мұндай көрсеткіш жоқ. Енді жекпе-жекке қашан шығасың?

— Үйге бару керек. Демалып алайын. Біздің елде, яғни Қазақстанда асықпау керек дейді. Барлығы кезең-кезеңімен болады. Кеше менің туған күнім болды. Өзім үшін керемет сыйлық істедім .

Айта кетейік, Абу-Даби қаласында өтіп жатқан турнирдің басты кездесуінде жеңіл салмақта ұйымның чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи шығады. Ол кездесу мына жерден көруге болады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия