jasqazaq.kz

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

17 қазан 2017, 16:46

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» орыстілді азаматтарға   мемлекеттік тілді насихаттауға арналған  шарасын өткізеді.

           Шараның мақсаты – орыстілді азаматтар арасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі, Қазақстандағы этностардың бірлігі мен ынтымағының кепілі ретіндегі, қоғамдық көпшілік орындардағы, жас ұрпақ тәрбиесіндегі, патриоттық, ғылым-білім, жаңа технология саласындағы қызметтері, қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығы, идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің атауы, олардың тарихи атауларын қайтару, сонымен қатар тарихи жер-су атауларын, ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды беру және т.б. турасында сөз қозғау, пікір алмасу.

           Жұмыс тобының құрамында белгілі саясаткерлер,  қоғам қайраткерлері, ғалымдар және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар. Шараға Қазақстан Халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, саясаткер, Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер Дос Көшім, саясаттанушы Расул Жұмалы, Шығыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдын Шаймарданов, «Ақжолтай» газетінің құрылтайшысы, Семей аймақтық «Ақжол» партиясының төрағасы Рахат Омаров қатысады.

Шара үстіміздегі жылдың 16-20 қазан аралығында  өтеді.

Барлығы жобаға 500-ге жуық адам қамтылады, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер мүшелері, орыстілді азаматтар, жұмысшы жастар, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері және т.б.  

  Байланыс телефондары: 8(7172) 40-83-97

 

 

 

 

 

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық