Ауа райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақмола облысы:
11.03.2022 ж.сағат 13.00-де «Жезқазған – Петропавл» а/ж 377 – 440 шақырым
Ақтөбе облысы:
10.03.2022 ж. сағат 20.00-де «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы», 165 – 330 шақырымы.
11.03.2022 ж.сағат 11.00-де «Самара – Шымкент» , 776 – 1240 шақырымы.
11.03.2022 ж.сағат 13.00-де «Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка –Рудный – Қостанай» а/ж жүк және автокөліктің қоғамдық түрлері үшін 0– 234 шақырымы.
БҚО:
09.03.2022 ж.сағат 23.50-де «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» а/ж 72 – 104 шақырымы;
«Самара – Шымкент» а/ж 195 – 251 шақырымы.
10.03.2022 ж. сағат 16.15-те «Атырау – Орал» 189 – 492 шақырымы;
сағат 19.35-те «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» 4 – 72 шақырымы, Орал қаласының уч. – Тасқала кенті;
20.10 сағ. «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» 0 – 144 шақырымы.
Қарағанды:
11.03.2022 ж.сағат 13.00-де Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Жезқазған – Петропавл» а/ж 137 – 252 шақырымы.
Қостанай:
11.03.2022 ж. сағат 13.00-де ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінуді шектеу) автокөліктердің барлық түрлері үшін а/ж қозғалысына шектеу енгізілді:
1. «Жезқазған – Петропавл» км. 252 – 377 шақырымы.
2.«Қарабұтақ – Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай» км. 234-262 шақырымы.
Қызылорда:
11.03.2022 ж.сағат 11.00-де (елорда уақыты бойынша) ауа райының нашарлауына байланысты «Самара – Шымкент» тас жолының 1240 – 1357 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі:
Азаматтарды ауа райы болжамын жіті бақылап, алыс сапарға шықпауға шақырамыз. Штаттан тыс жағдай туындаса, жүргізушілер мен жолаушылар 1403 нөмірі бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына хабарласуы қажет.