jasqazaq.kz

Қазақстанның бірқатар облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды

02 қараша 2021, 17:49

«Қазгидромет» РМК 3 қарашаның күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2-3 қараша күні Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 3 қараша күні түнде Қарағанды қаласында көктайғақ болуы ықтимал. Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15 м/с болмақ. Ақмола облысының шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады. Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың орталығында 23 м/с болады. Ертең Қызылорда қаласында күндіз жел солтүстік-шығыстан соғады, желдің екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады деп болжануда. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында желдің екпіні – 15-20 м/с.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық