jasqazaq.kz

Қазақстанның бір өңірінде оқушылар мен студенттер дәстүрлі оқу форматына көшті

01 ақпан 2021, 11:42

Атырау облысында бірінші ақпаннан бастап оқушы саны 300-ге дейін жететін мектептер дәстүрлі форматта оқиды. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың қаулысында жазылған.

Құжатқа сәйкес, облыстағы оқушы саны 300-ге дейінгі мектептер дәстүрлі форматқа көшеді, сыныптарда бала саны 15 оқушыдан аспауы тиіс.

Жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-5 сынып оқушылары, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейінгі оқушылар ата-ананың өтініші бойынша оқиды. Оқушы саны 15 баладан аспау талабы сақталады.

Сонымен қатар сабақтан тыс уақытта бес адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады. Бітіруші сыныптар (9, 11, 12 сыныптар) аптаның 6 күні аралас форматта оқиды. Пәндердің 70%-і штаттық режимде, 30%-і қашықтан оқытылады.

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының (колледждер) 1-курс студенттері мен жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері штаттық режимде білім алады.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді