Қазақстанның әскери тарихы талқыланды

30 қараша 2022, 14:50

Бүгін Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік Әскери-тарихи музейінде «Қазақстан әскери тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференцияны ашқан ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор С.Ж. Борамбаев өткен тарихты осылай ой елегінен өткізіп, ғылыми тұрғыдан таразылаудың пайдасы мол екенін айтты.

Содан кейін сөз алған ҚР ҚК Мемлекеттік Әскери-тарихи музейінің басшысы Ләззат Әлжанқызы конференцияның негізгі мақсаттарына тоқталды. Оның ішінде:
-ғасырлар бойы дамып келе жатқан қазақ халқының әскери тарихы мен әскери өнерін зерттеу мәселелерін ғылыми айналымға енгізу;
-саяси себептерге байланысты ұмыт болған әскери тарих мәселелеріне көбірек көңіл бөлу;
-тарихи тұлғаларға, мемлекет тәуелсіздігі жолындағы күреске ерекше үлес қосқан қолбасшыларға құрмет көрсету және т.б. бар.


Сонымен қатар жалпы әскери-патриоттық тәрбие беру және ел тарихын зерттеуге тарту тұрғысынан жастармен, әскери қызметлермен және қоғаммен жұмыс істеуде музейлердің шешуші рөлін белгілейтін уақыт жетті.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде музей коллекцияларының толығуы, өзара қару-жарақ пен қарулар, қазіргі заманғы музей жұмысының жаңа әдістері мен қағидалары туралы ақпарат алмасу да өзекті болып отыр.


Конференцияға қатысқан белгілі қазақстандық және шетелдік ғалымдардың – әскери тарих, археология, этнография, мұрағат ісі, музейтану саласындағы зерттеушілер мен қоғам және саяси қайраткерлердің әскери тарих пен әскери өнердің дамуы және әскери мұраларды зерттеу мәселелеріне қатысты еңбектері тыңдалып, талқыланды.
Конференция қорытындысы бойынша онда талқыланған ғылыми материалдар электронды жинақ ретінде арық көретін болады.
Осы бас қосуда көтерілген мәселелер тарих пен әскери ғылымның, әсіресе, музейтану ғылымының дамуына тың серпін береді деп сенеміз.

Әбубәкір Смайылов

Бүгін, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды