jasqazaq.kz

Қазақстанның алтын қоры 407 тоннаға жетті

09 желтоқсан 2021, 10:20

Қазақстанның алтын қоры 407 тоннаға жетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алтын-валюта резервтері бір айда 309 млн АҚШ долларына төмендеп, осы жылғы қарашаның соңында 35,5 млрд АҚШ доллары болды. Алтын портфелі шамамен 407 тоннаға жетті және 267 млн АҚШ долларына өсті», — деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, еркін конвертацияланатын валютадағы активтер валюталық интервенция, мемлекеттік борышты төлеу және Үкіметтің шоттары бойынша басқа да операциялар есебінен 575 млн АҚШ долларына төмендеді.

«Жалпы халықаралық резервтер бір айда 435 млн АҚШ долларына төмендеп, 90,5 млрд АҚШ долларын құрады», — деді ҰБ төрағасы.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр