jasqazaq.kz

Қазақстаннан ұрлап Қырғызстанға апарып сатып келген

10 желтоқсан 2019, 14:33

Қалалық полиция департаменті мен прокуратура ұрланған мүлікті Қырғызстанға апарып сатып жүрген каналды әшкереледі.

Арнайы операция «Қордай» кеден бекетінің маңында болды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан шығып бара жатқанда полиция «Хонда» маркалы көлігін тоқтатқан. Көлікті 23 жастағы Қырғызстан азаматы тізгіндеген. Автокөлікті тінту кезінде багаж бөлімінен арнайы құжаты жоқ 45 ұялы телефон табылды. «Бұл дерек ҚР ҚК 196-бабы бойынша бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркелді. Ұсталған жүргізуші жаз айынан бері Алматыда ұсталған телефондарды арзан бағамен сатып алып жүргенін мойындаған. Ол бұл телефондарды Алматыдағы «Мега тау» сауда үйінде телефон сатумен айналысатын ер адамнан алып отырған. Жүргізуші отандасымен бірге Алматыға күнде келіп, ұсталған телефондар мен гаджеттерді алып кетіп Бішкекте сатып отырған. Қазір «Мега тау» сауда үйінің саудагері де ұсталды. Ол ұрланған телефондарды сатумен айналысқанын мойындады. Оның тұратын жерін тексерген кезде 64 ұрланған телефон табылған»,- деді ПД криминалды полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин. Ұсталғандар қамауға алынды. Жақын арада Қырғызстанға шекара асқан телефондар Алматыға қайтарылады. Осыдан бірнеше жыл бұрын полиция Алматыдан Қырғызстанға заңсыз жіберілген 100 ұялы телефонды өз иелеріне қайтарған болатын.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда