jasqazaq.kz

Қазақстаннан шыққан автобус Ресейде пойызбен соқтығысып, 17 адам қаза болды

06 қазан 2017, 10:26

Ресейдің Владимир облысында Қазақстаннан шыққан автобус апатқа ұшырады.

Мәскеудің тергеу басқармасы 17 адамның көз жұмғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Риа Новости.

“Апат салдарынан қаза болғандар саны 17 адамнан кем болған жоқ”, – делінген хабарламада.

Апат бейсенбіден жұмаға қараған түні болды. Мәліметтерге сүйенсек, көлік бағдаршамның қызыл жанғанына қарамастан өте шығып, теміржолда тоқтап қалған.

№60 “Санкт-Петербург – Нижний Новгород” пойызының машинисі жарық пен дыбысты дабыл беріп, мүмкіндігінше жылдамдықты азайтқан.

Владимир облысы губернаторының баспасөз хатшысы Рита Шляхованың айтуынша, құрбан болған 15 адам Өзбекстан азаматы.

“Жүргізуші бар даусымен айқайлағанда автобустағы 34 адам көлікті итеру үшін сыртққа шыққан. Көлікте қалғндар қаза болды”, – дейді Шляхова.

Қазір оқиға орнына дәрігерлер келіп жетті. Зардап шеккен 4 адам ауыр хәлде жатыр.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде