jasqazaq.kz

Қазақстаннан көрші елге мұнай тасымалдайтын құбыр табылды (видео)

25 қазан 2019, 11:50

Қазақстаннан Қырғызстанға күн сайын 100 тоннаға жуық мұнай өнімі заңсыз тасымалданған. Бұл туралы Қырғызстанның экономикалық қылмыстармен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі хабарлады.

Олардың дерегінше Шу облысынан ұзындығы үш шақырым болатын астыртын құбыр салынған. Мұнай құбыры Кен Булун ауылында табылды. Ол жерде сорғылармен жабдықталған тұтас база мен қойма орналасқан. Қазір құқық қорғаушылар қылмыстық іске жауаптыларды іздестіруде. Ал отандық сала ведомстволары әзірге бұл іске қатысты ешқандай ақпарат бермей отыр.

Ақпарат көзі: Астана телеарнасы

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық