jasqazaq.kz

Қазақстаннан қуылған Тәжікстан азаматы атын өзгертіп, қайтып келген

09 желтоқсан 2021, 13:42

Қазақстаннан шығарылған Тәжікстан азаматы атын өзгертіп, қайтып келген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы полиция департаменті 6-12 желтоқсан аралығында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы аумағынан қоғамдық орында мас болып жүргені үшін 5 жылға шеттетілген шетелдікті анықтады. Тәжікстан Республикасының 35 жастағы азаматы өз еліне барып, жеке басын растайтын құжаттарындағы ақпаратты өзгертіп, Қазақстанға қайтып келгендігі белгілі болды.

– Аталған факті жедел-профилактикалық іс-шара өткізу кезінде такси жүргізуші болып жұмыс істеп жүрген Тәжікстан азаматының құжаттарын тексеру барысында анықталды. Ұсталған шетелдік өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда ел шекарасына заңсыз кірген ер адам 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Іс-құжаттар жинақталып, заңды шешімін шығару үшін сотқа жолданады, – деді Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Қадырбек Әбішов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде