jasqazaq.kz

Қазақстаннан 25 жылда шетелдік оффшорларға 140-160 млрд доллар шығарылған

02 ақпан 2022, 15:56

«Tax Justice network» халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған, бұл бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов «Ақ жол» фракциясының Қаржы мониторинг агенттігіне жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді.

«Кейбір мәліметтерге сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қаражатты шетелге заңсыз шығару фактілері бойынша 200-ден астам іс қозғаған. Алайда, нақты нәтижелері туралы ештеңе белгісіз. Сонымен қатар, қаңтар қасіретінде кейбір олигархтар Қазақстаннан жеке ұшақтармен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шетелдегі есепшоттарға аударғаны туралы ресми емес ақпарат бар.

Осыған байланысты Агенттік құрылғаннан бері Қазақстан экономикасына оффшорлық аймақтардан нақты қанша қаражат қайтарылған туралы ақпарат беру, қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде Қазақстаннан шетелге қандай ірі қаражат шағарылды (миллион АҚШ доллардан көп сомалар), оны кімдер шығарды, кімдердің шоттарына түсті. Сол күрделі күндерде көлеңкелі капиталдар шығарылды деген күмәніміз бар. Ол адамдар тағдырын елімізбен байланыстырмаса, қалаған жерде қала берсін. Бірақ шығарылғын қаражат халықтан ұрланған болса, елімізге қайтарылып, экономикаға жұмыс істесін.

Сондықтан мұндай фактілер болған жағдайда, салық органдарынан қаржының шығуының заңдылығын және олардың тиісті салықтарды төлегенін тексеруін сұраймыз», — дейді депутаттық сауалда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде