jasqazaq.kz

Қазақстанға жалған құжатпен әкелінген асыл тұқымды сиырлар анықталды

29 қантар 2020, 21:47

Қазақстанға жалған құжаттар арқылы словакиялық деп чехиялық 50 бас асыл тұқымды ірі қара мал кіргізілмек болған.Бұл туралы ҚР АШМ сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Айта кетсек, былтырдан бері Қазақстанға Чех Республикасынан ауыл шаруашылық жануарларын (тірідей) кіргізуге уақытша шектеу қойылған. Заңды бұзған кәсіпкерлерге ірі қараны жөнелтуші елге қайта қайтару туралы нұсқау берілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Агро-Комплекс-Сулышок» компаниясына Словакиядан 50 бас асыл тұқымды ірі қара малын (SEVITA s.r.o. -жүк жөнелтуші) импорттауға ветеринарлық рұқсат берген болатын.

«Алайда құжаттарды, оның ішінде 2019 жылғы 8 қазандағы SVS /2019/120824- J ветеринарлық сертификатын тексеру барысында жануарлардың шыққан елі Чех Республикасы екені анықталды. Ал, Чех Республикасының уәкілетті органдары бірнеше рет жалған ветеринариялық сертификаттар мен куәліктер беру арқылы қарапайым жануарларды «асыл тұқымды» мал ретінде экспорттау фактілері тіркелген болатын. Аталмыш жағдай бойынша қазіргі уақытта сот процестері өтуде», делінген хабарламада.

Чех Республикасынан жануарларды әкелуге шектеу қойылуына байланысты ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы «Агро-Комплекс-Сулышок» ЖШС басшылығына жануарларды жөнелтуші елге қайта қайтару қажеттілігі туралы нұсқау берді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия