jasqazaq.kz

Қазақстанға келесі апта Pfizer вакцинасы жетеді

04 қараша 2021, 11:57

Қазақстанға келесі апта Pfizer вакцинасы жетеді Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын 12 жастағы және одан ересек жасөспірімдер, жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер салдыра алады.

Келесі аптада Қазақстанға Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

«Осы жылдың 8 мен 14 қарашасы аралығында Pfizer вакцинасы жеткізіледі деп күтілуде. Көлемі – бұған дейін жарияланған келісімшарттағы міндеттемелерге сәйкес келеді. Бұл 2 миллион адамға 4 миллион вакцина», — деді Шоранов үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Вице-министр қазір өңірлермен тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Басқа вакциналар сияқты, Pfizer әр өңірге халық санына қарай бөлінеді. Қазақстанда коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын 12 жастағы және одан ересек жасөспірімдер, жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер салдыра алады.

ktk.kz

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр