jasqazaq.kz

Қазақстанға Грузия мен Әзірбайжаннан көлік әкелу жиіледі

24 тамыз 2021, 17:50

Соңғы кездерде кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатылған уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағына алып келу жағдайлары жиілеп кеткен, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап өтетін жағдай, көрсетілген автомашиналардың басым көпшілігі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағына Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өткізу пункттері арқылы уақытша әкелініп, өз мәртебесі бойынша шетелдік тауарлар болып табылады (яғни ЕАЭО тауарлары болып табылмайды) және кедендік бақылауда болады.

ЕАЭО Кедендік кодексінің 264-бабының 6-тармағына және 275-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкелінген көлік құралдары декларанттың (әкелуді жүзеге асырған тұлға) іс жүзінде иелігінде және пайдалануында ЕАЭО кедендік аумағында болуға тиіс.

Алайда, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген көлік құралдары кеден баждар мен салықтарды төлеуден, кедендік тазартудан жалтарып мемлекеттік тіркеуге қойылып жатқан фактілер анықталуда.

Мысалы, жеке пайдалануға арналған шетелдік көлік құралдарын, шетел азаматтары өз көлік құралдарын әкелген соң, Қазақстан Республикасының аумағынан біраз уақыттан кейін кетіп қалуда (бұлар негізінде Грузия мен Әзірбайжан азаматтары).

Бұл көлік құралдары тиесілі кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуге қойып, Қазақстан азаматына беру мақсатында ЕАЭО аумағына әкелінгені туралы пайымдауға негіз болап отыр.

Қазіргі таңда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз Қазақстан Республикасының аумағына тіркеуге қойылған 156 көлік құралын анықтады.

Осыған байланысты ҚР ҚМ МКК Қазақстанның барлық азаматтарына уақытша әкелінген көлік құралдарын тек кедендік тазартудан өтіп, кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін ғана сатып алуға және Қазақстан аумағында аталған көлік құралдарын пайдалануға болатынын ескертеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия