jasqazaq.kz

Қазақстанға араб вакцинасы жеткізіледі

30 сәуiр 2021, 12:52

Қазақстанда КВИ-ге қарсы үш вакцина қолжетімді болады. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

«Қазіргі уақытта елімізде шектеу жоқ, вакцинаны Қазақстанның кез келген қаласында ектіруге болады. Осы орайда жақында орналасқан емханаға немесе екпе жүргізіліп жатқан сауда орталығына баруға мүмкіндік жасалды. Вакцина ақысыз түрде жүргізіліп жатыр», — деп тоқталды министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол елімізде «Спутник V» және отандық QazVac вакцинасын егу жүргізіліп жатқанын еске салды.

«Бүгін қосымша араб вакцинасын аламыз. Яғни, бұл екпе «Синофарм» компаниясының қытайлық технологиясымен өндірілген. Қазіргі кезде осы вакцинаны күтіп отырмыз және оны өңірлерге таратамыз. Осы арқылы бізде халық үшін үш вакцина қолжетімді болады», — деді А. Цой.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия