jasqazaq.kz

Қазақстандықтарға Түркияға баруға рұқсат берілді

17 мамыр 2020, 11:43

20 мамырдан бастап, 31 елдің азаматына медициналық көмек алу үшін Түркияға баруға рұқсат берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясына байланысты 28 наурызда Түркия халықаралық тасымалды тоқтатқан еді.

Қазақстан азаматтарынан басқа, Ирак, Ливия, Әзербайжан, Греция, Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Түрікменстан, Молдова, Қырғызстан, Джибути, Катар, Германия, Ұлыбритания және Нидерланды азаматтары шекарадан өте алады.

Түркия үкіметі науқастарға төмендегі медициналық қызмет түрлерін көрсетеді:

ортопедия, травматология, жалпы хирургия, балалар хирургиясы, урология, көз аурулары, кардиология, онкология, нейрохирургия, гематология, репродуктивті терапия, ағзаны және сүйек кемігін трансплантациялау.
Сонымен қатар, шекарадан коронавирусқа сынамасы тек теріс нәтиже көрсеткен науқастар өткізіледі.

Түркияда медициналық көмек алғысы келетін барлық шетелдік азамат туралы ақпарат алдымен халықаралық медициналық бақылау жүйесінде орналастырылады. Алдын ала растау алғаннан кейін оларға елге баруға рұқсат беріледі.

Айта кетейік, Түркия маусым айының ортасынан бастап шетелдік туристерді қабылдауды жоспарлап отыр.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі