jasqazaq.kz

Қазақстандықтардың жеке деректері желіге тарап кетті

13 қазан 2021, 16:03

«KZ-CERT» Компьютерлік инциеденттерге әрекет ету қызметіне Snake Keylogger зиянды бағдарламасының көмегімен пайдаланушылардың жазбалары жария етілгені туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Деректерді талдау арқылы түрлі интернет-ресурстарда және танымал сервистерде авторизациялау үшін 131 жұп бірегей логиндер/парольдер байланысы туралы ақпараты бар 28 565 деректер жолы (оның ішінде қайталанатын деректер) анықталды, делінген мемлекеттік техникалық қызметтің (МТҚ) хабарламасында.
Айта кету керек, жария етілген деректердің басым бөлігі өзектілігін жоғалтты, ал кейбір сервистер екі факторлы авторизациядан өту қажет.

Негізінен, Mail.ru, VK.com, Faberlic, Lamoda, Chocofood, Pinterest, Apple ID және т.б. сияқты танымал интернет-сервистердің жеке кабинеттерінің авторизация деректері жария етілген. Сонымен қатар, олардың арасында корпоративтік электрондық жәшіктердің деректері, ломбардтардың қаржылық операцияларды жүргізу үшін пайдаланылатын есептік жазбалары да болды.

Осы деректерді пайдалана отырып, жәбірленушінің банк карталарындағы қаражатқа қол жеткізуге, сондай-ақ зардап шегушінің атына бірнеше қаржы ұйымдарынан кредит алуға болады.

Қаскүнемдер басқа да заңсыз іс-әрекеттере бара алады: бөтен жылжымайтын мүлікпен заңсыз манипуляция жасау, ақша аударымдары, жалған фирмалар ашу, делінген хабарламада.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия