jasqazaq.kz

Қазақстандықтардың табысы азайып барады

16 тамыз 2022, 12:34

Қазақстандықтардың нақты ақшалай табысы 2 пайызға төмендеді. Бұл жайында Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 145 592 (алдын ала деректер) теңге болды. Бұл – 2021 жылғы маусымға қарағанда 12,2 пайызға жоғары. Нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2 пайызға төмендеді», — деп атап өтеді бюродан.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,1 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санының 4,8 пайызын құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы шілденің соңына 229,1 мың адамға немесе жұмыс күшінің 2,5 пайызына жетті. Ал, 2022 жылғы шілдеде бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 312 124 теңге болды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде