jasqazaq.kz

Қазақстандықтардың орташа жалақысы 285,5 мың теңгені құрады

04 мамыр 2022, 17:04

Биылғы бірінші тоқсанда қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 285,5 мың теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

«2022 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 285433 теңгені құрады», — делінген статистикалық мәліметте.

2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда жалақының ең көп өсімі құрылыс (33,7%), мемлекеттік басқару (33,1%), көлік және қоймалау (30,4%), ақпарат және байланыс (26,6%) салаларында байқалған.

Білім беруде орташа айлық жалақы 21,7%, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде 18,1% өскен.

Салалар бойынша ең жоғары еңбекақы: — тау-кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде – 619,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есе жоғары);

— қаржы және сақтандыру қызметінде – 521,1 мың теңге (1,8 есе жоғары);

— кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 416,4 мың теңге (1,5 есе жоғары);

— ақпарат және байланыс саласында – 415,5 мың теңге (сәйкесінше 1,5 есе). Ең төменгі жалақы:

— ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 144,1 мың теңге;

— өнер, ойын-сауық және демалыс саласында – 169,6 мың теңге. Өңірлер бойынша ең жоғары айлық Атырау облысында белгіленді

– 477,9 мың теңге (орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары). Ең төмен айлық

– Солтүстік Қазақстан облысында – 203,4 мың теңге (ел бойынша орташа деңгейден 28,7% төмен).

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр