jasqazaq.kz

Қазақстандықтардың несиелік қарызы қашан өтеле бастайды?

27 маусым 2019, 12:57

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков президенттің көпбалалы және мүгедек баласы бар отбасылардың несиесін жабу туралы тапсырмасының орындалуы бірнеше айға созылуы мүмкін екенін айтты. Сондықтан қазіргі уақытта банктерге барудың қажеті жоқ, дейді. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

«Біздің міндетіміз мынандай: еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен аталған жарлықта көрсетілген тұлғалар тізімін алғаннан кейін, Ұлттық банк өзге де мемлекеттік несиелік бюролар, банктермен бірлесіп, барлық сандарды салыстырамыз. Менің ойымша, негізгі жұмыс Ұлттық банк, банктер мен үкіметтің тарапынан атқарылады. Қазіргі уақытта банктерге барудың қажеті жоқ, себебі бұл жұмыс уақытты талап етеді. Жалпы, алдағы екі айдың көлемінде аяқталуы мүмкін», — дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар Смоляков Ұлттық банк борышкерлердің санаты бойынша 1 маусымдағы ахуал туралы ақпараттың тексерілетінін айтты.

«Ұлттық банк несиелік қарыздарды жабудың факт бойынша жүргізілуін қадағалайды. Бақылаусыз сауалдардың болмауы үшін, олар несие құжатнамасында, несиелік бюролар мәліметтерінде көрсетілуі тиіс», — дейді ол.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда