jasqazaq.kz

Қазақстандықтардың несие қарызы шамамен 6 триллион теңге

25 тамыз 2018, 10:44

 

Қазақстандықтар несие бойынша шамамен 6 триллион теңге қарыз. Бұл туралы Ranking.kz зерттеуіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Жеке тұлғаларға берілген несие (ЕДБ, МФҰ, онлайн және т.б.) 2018 жылдың маусым айының соңында 5,6 триллион теңге болды, бұл өткен айға қарағанда 2,3% артық. Сарапшылардың пікірінше, берілген бөлшек сауда несиелердің жартысынан астамы салық салынбайтын несиелер, олардың үлесі бір айда 51,3 пайыздан 51,7 пайызға дейін өсті.

Маусымда бөлшек сауда несиесін беретін онлайн-компаниялардың үлесі небәрі 2 пайыз болды, бұл биылғы ең төменгі көрсеткіш. Ал ең жоғарғы көрсеткіш 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында наурызда болған — 4,1 пайыз.

Онлай-компаниялар интернет арқылы көп жағдайда 15 минутта несиені тез алуды ұсынады. Ең аз пайыз мөлшерлемесі күніне 0,25 тен 1 пайызға дейін, ең танымал пайыз мөлшерлемесі — 0,27 пайыз, ол жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің 100 пайызын көрсетеді. Қарызды көбіне 1 айға (30-31 күн) алуға болады. Минимал мерзім — 21 күн, максимал — 365 күн. Сегменттегі максимал сома — 300 мың теңгеге дейін. Көбіне таралған сома — 200 мың теңгеге дейін. 16 шілдеде Ұлттық банк онлайн-несиеге байланысты заңнамаға өзгертулер енгізген. Онда 100 пайыз жылдық мөлшерлемеге шектік уақыт бекітілді деп еске салады сарапшылар.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді