jasqazaq.kz

Қазақстандықтардың қаржылық шығыны 15% өсті

03 ақпан 2022, 16:41

2021 жылдың үшінші тоқсанында жан басына шаққандағы шығын 206,4 мың теңгеге жетті – өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша ең көп шығын Алматы қаласының тұрғындарына тиесілі: 2021 жылдың үшінші тоқсанында 178,4 мың теңгені құраған – бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,1%-ға көп. Сонымен қатар Қарағанды облысы (жан басына шаққанда 269,3 мың теңге, бір жылда 15,2%-ға артқан) мен елорда (252,4 мың теңге, бір жылда 24,1%-ға артқан) тұрғындарының шығындары жоғары. Биыл Түркістан облысы тұрғындарының шығындары күрт өсті: бір жылдың ішінде 26%-ға көтеріліп, 141,5 мың теңгені құрады; Атырау және Маңғыстау облыстары тұрғындары шығындарының өсуі ең аз айырмашылық көрсетті – бір жылда екі өңірде де 5,7%-ға артып, сәйкесінше 167,5 мың және 163,6 мың теңге болды. Шығындардың 93,3%-ы – тұтынушылық шығындар: 192,5 мың теңге – өткен жылмен салыстырғанда 15,5%-ға көп. Олардың ішінде 109 мың теңге азық-түлік тауарларына жұмсалған, азық-түлік емес тауарларға 51,3 мың теңге; ақылы қызметтерге 32,3 мың теңге кеткен. Несие мен қарыздарды жабуға 9,8 мың теңге жұмсалған, туыстарға материалдық көмек пен алиментке 3,7 мың теңге, салық және өзге де төлемдерге 395 мың теңге жұмсалған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде