jasqazaq.kz

Қазақстандықтардың бір бөлігі газды 20 пайыз жеңілдікпен алады

06 маусым 2022, 17:41

Атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын қазақстандықтар 1 шілдеден бастап газды 20 пайыз жеңілдікпен алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап пилоттық жоба аясында Тараз және Орал қалаларындағы атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын азаматтар газды 20 пайызға төмендетілген бағамен алған, ал бұл қатарда 3 мыңнан аса тұтынушы бар. Бұл топтағы тұтынушылар сәуірдегі түбіртектерде газдың жаңа бағасын көре алды.

Биыл 1 шілдеден бастап елдің барлық өңірінде «мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыстық тұтынушылар» санатына жататын тұтынушылардың төмендетілген бағамен газ алу мүмкіндігі болады.

Ведомство өкілі газды төмендетілген бағамен алу үшін тұтынушы Egov.kz порталындағы АӘК және тұрғын үй көмегін алушы ретіндегі өзінің мәртебесіне көз жеткізуі қажет екенін айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде