jasqazaq.kz

Қазақстандықтардың 93%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейді – ҚСЗИ әлеуметтанулық сауалнамасы

Бүгін, 15:47

Тәуелсіздік – қоғам үшін ең басты бағдар, оның мәні  мемлекеттілік тарихымен ғана емес, Қазақстанның қазіргі даму үдерісіне деген қоғамдық көзқараспен де тығыз байланысты. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша 8 105 респонденттің қатысуымен жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері осыны көрсетті.

Тәуелсіздік әр түрлі буын өкілдері үшін бірдей маңызды: барлық жастағы респонденттер оны аса маңызды жеке құндылық ретінде атады.

Зерттеу нәтижесі барлық негізгі әлеуметтік-демографиялық топтар арасында елдің даму бағытына қатысты оң пікірдің басым екенін көрсетеді. Қазақстандықтардың 93%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды.

Осы орайда, ең жоғары көрсеткіш 18-29 жас аралығындағы жастар арасында тіркелген, бұл топтағы қолдау деңгейі – 95,1%.

Зерттеу азаматтардың ел дамуының негізгі бағыттарын қалай бағалайтынын көрсетті. Азаматтар бірлік пен заң үстемдігін нығайтуға, мәдениет, білім мен ғылымды дамытуға бағытталған мемлекеттік шараларға жоғары баға берген.

Сонымен қатар, елдің даму бағытына берілген баға мен мемлекеттің азаматтардың талап-тілектерін ескеру қабілеті жайлы қоғамдық пікірдің арасында тығыз байланыс бар. Мемлекет азаматтардың арыз-шағымына ден қойып, олар көтерген мәселелерді шешуге күш салады деп санайтын респонденттердің басым бөлігі Қазақстанның даму бағытын да оң бағалайды.

Атап айтқанда, сауалнамаға қатысқандардың 82,4%-ы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының іске асырылуын оң бағалайды. Бұған 18–29 жас аралығындағы жастар ең жоғары баға берген (89,6%). 61 жастан асқан азаматтар арасында да аталған көрсеткіш жоғары деңгейде – 77,6%.

Осылайша, елдің жалпы даму бағытына қолдау білдіру деңгейінің жоғары болуы азаматтардың елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға деген оң көзқарасымен тығыз байланысты.

Қоғамдық пікір сауалнамасы ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2026 жылғы 5 қазан мен 5 қараша аралығында жүргізілді. Іріктеме ауқымы – 8 105 респондент, оған 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан азаматтар қатысты.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды