jasqazaq.kz

Қазақстандықтар ұшаққа қағаз құжаттарсыз отырғызылатын болды

05 сәуiр 2021, 16:50

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Цифрлық даму министрлігімен,

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларымен бірлесіп, Air Astana әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Алматы және Алматы-Нұр-Сұлтан бағыттарындағы рейстерінде цифрлық құжаттарды пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты. Бүгіннен бастап электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы көрсетілген әуежайларда тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. Дегенмен жолаушыларда жеке куәліктерінің түпнұсқасы да болғаны жөн. Өйткені пилоттық жоба кезінде цифрлық құжаттар жолаушының мәртебесін тексерудің балама нұсқасы болады. EgovMobile-дағы «цифрлық құжаттар» қызметімен генерацияланған QR-code есептеу бойынша Е-document бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен бірлесіп әзірленді. Жоба Мемлекет басшысының жеке куәліктер, дипломдар мен құқықтарды электрондық түрде беру жөніндегі процестерді цифрландыру және мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында енгізілді.

24.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия