jasqazaq.kz

Қазақстандықтар пәтер, көлік сатудан түскен ақшасынан зейнетақы қорына жарна аударуға міндеттелді

28 шiлде 2018, 20:28

Зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасына енгізілген жаңа өзгерістер қазақстандықтарды пәтер немесе көлік сынды жеке мүлікті сатудан түскен кірісінің 10 пайызын БЗЖҚ-ға беруге міндеттеді. Бұл туралы Uchet.kz порталына сілтеп Tengrinews.kz хабарлады.

2018 жылы 14 шілдеде 2018 жылы 2 шілдеде шыққан № 165-VI заңы күшіне енді, ол «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына өзгеріс енгізді. Өзгеріске сәйкес, 2018 жылдың 14 шілдесінен бастап азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша табыс тапқан жеке тұлға кірісінің 10 пайызына тең зейнетақы жарнасын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге міндетті, бірақ жарна айлық есептік көрсеткіштің 10 пайызынан төмен (2018 жылы АЕК — 28 284 теңге) және 75-еселенген АЕК-тің 10 пайызынан жоғары болмауы тиіс. Осы заңға сәйкес 39-баптың 2-бөлігі алынып тасталды. «Көріп отырғанымыздай, заң шығарушылар шектеуді алып тастады, онда келісімшарттың мәні нақты жазылған болатын. Енді біз барлық азаматтық-құқықтық мәндегі келісімшарт бойынша 10 пайыз төлеу керекпіз», — деп жазды портал авторлары. Сонымен қатар, ҚР азаматтық заңнамасында «азаматтық-құқықтық келісімшарт» деген ұғымға нақты анықтама берілмеген. Бұл ұғымға ең жақыны «Азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар», ол ҚР Азаматтық кодексінің 1-бөлігінде жазылған. «Демек, келісімшарттардың басым бөлігін азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа жатқызуға болады. Оның ішінде сатып алу-сату келісімшарты және бөлшектеп сатып алу-сату бар. Бөлшектеп сатып алу-сату келісімшарты бойынша, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып отырған сатушы тауарды сату кезінде сатып алушыға тауарды беруге міндеттеледі, әдетте олар жеке қолданысқа, отбасына, үйге немесе өзге де мақсатта қолданылатын заттар болады, олардың кәсіпкерлікке қатысы жоқ. Қорыта келгенде, 2018 жылдың 14 шілдесінен бастап қазақстандықтар пәтер немесе көлік сынды жеке мүлкін сату кезінде зейнетақы қорына жарна төлеуі тиіс деуге болады», — деген қорытынды жасады Uchet.kz порталы.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді