jasqazaq.kz

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға қайтадан визасыз кіре алатын болды

31 наурыз 2022, 17:45

1 сәуірден бастап Қазақстан үкіметі мен Оңтүстік Корея үкіметі арасындағы қазақстандық азаматтарға қатысты визалық талаптарды өзара жою туралы келісімнің қолданысын жаңғырту қалпына келтіріледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін визаны Оңтүстік Корея тарапы COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатқан еді. Енді Қазақстан азаматтары Корея аумағына 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз қайта кіре алады. Ал Кореяда еңбек етуге, білім алуға немесе Оңтүстік Корея аумағында тұруға ниет болған жағдайда тиісті визаны алу қажет. Сонымен қатар, қазіргі уақытта шетелдік азаматтардың Корея Республикасына кіруін авторизациялаудың «К-ЕТА» электрондық жүйесі жұмыс істейтінін ескеру керек. Оған сәйкес елге визасыз режим негізінде келетін шетелдіктерге ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын www.k-eta.go.kr сайты арқылы жоспарланған сапар туралы электрондық хабарлама түрінде өтініш беру және содан кейін Оңтүстік Корея билігінің елге кіруге рұқсатын алу талап етіледі. Мұндай рұқсат болмаған жағдайда әуекомпания ұшақтың бортына отырғызудан бас тартады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде