jasqazaq.kz

Қазақстандықтар несиені не үшін алады?

01 желтоқсан 2018, 21:20

Қазақстандықтардың көбі несиені ұялы телефон мен түрлі гаджет үшін алады, — деп хабарлады «Алматы» телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, тұтынушылық кредитке өтініш берушілер саны әсіресе желтоқсан айында күрт көбейе түседі. Халық мереке алдында сыйлық үшін түрлі тұрмыстық техника мен телефондарды несиеге рәсімдейтін көрінеді. Демек, отандастарымыз несиенің 90 пайызын тұтынушылық қажеттіліктерге жұмсайды. Бұл туралы арнайы зерттеу жүргізген сарапшылар айтып отыр. Ал көктем, жаз кезінде жұрт еңбек демалысы мен үйлеріне жөндеу жасау үшін кредит алса, күзде балаларын сабаққа дайындауға және той жасау үшін де қарызға батады. Биылғы он айда екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 2,4 триллон теңгені құрайтын 6 миллионға жуық тұтынушылық несие рәсімдеген. «Соңғы 1,5 жылда елімізде несие алушылар саны көбейді. Өйткені, қазір банктер несиені өте көп беруде. Бөліп төлеу арқылы тұрмыстық техника алу сәнге айналды. Былтыр екінші деңгейлі банктер мен өзге де микро қаржы ұйымдарын қосқанда, қазақстандықтарға 5 триллион теңге көлемінде қарыз берілген еді. Ал биыл бұл сан 6 триллонға жетті. Осы сомманың 15 пайызы уақтылы төленбей, проблемалық кредитке айналып отыр», — деді Бірінші кредиттік бюроның атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева. Биыл берілген несиенің 92 пайызы тұтынушылық қажеттіліктерге алынған. Жалпы, Қазақстан бойынша несие алудан Алматы мен Астана қаласының тұрғындары көш бастап тұр. Кейінгі орынға Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысының халқы жайғасқан.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді