jasqazaq.kz

Қазақстандықтар молаға қоятын құлпытасты да кредитке жасатып жатыр

13 шiлде 2022, 11:41

Бұдан былай құлпытастарды да қарызға жасатуға болады. Елімізде жерлеу рәсімін ұйымдастырушылар өз қызметтерін банктегі «бөліп төлеу» тетігі арқылы жүзеге асыруда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мұндай хабарламаны орталықтың әлеуметтік желідегі парақшаларынан аңғаруға болады. Онда құлпытастың құнын 24 айға бөліп төлеуге болатындығы туралы жазылған.

Редакция тілшісі осындай орталықтардың біріне хабарласып, көрсетілетін қызмет пен тастың құнын сұрастырып көрді. Қоңырауға жауап берген маман 24 айға бөліп төлеуде кез келген соманы рәсімдеуге болатындығын айтты.

«Бағасы қандай болса да қарастырамыз. Оны өзіңіз таңдайсыз. Банк осы аптада 3 күн бойы 24 айға бөліп төлеу қызметін іске қосады. Соны пайдалануға болады. Ал басқа кездері біз Kaspi Red арқылы үш айға бөліп төлеуді ұсынамыз. Бағалар әртүрлі. Мәселен мәрмәрдің стандартты түрі шамамен 152 мың теңгені құрайды. Ал гранит қымбаттау, оның орташа бағасы 425 мың теңге. Бұл бағалардың ішіне жеткізу, орнатып беру қызметтері де кіреді. Біз әзірге бір ғана банкпен жұмыс істейміз», — дейді оператор.

Оның айтуынша, бүгінде 3 айға бөліп төлеу қызметін пайдаланатын адамдар саны аз емес. Сондай-ақ ол үшін клиент банкке барып сергелдеңге түспейді екен. Барлығы телефондағы қосымша арқылы жүзеге асырылады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр