jasqazaq.kz

Қазақстандықтар мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді бір рет қана ала алады

23 ақпан 2021, 11:04

Тұрғын үй алу үшін мемлекеттік бағдарламаларға екі рет қатысуға енді жол берілмейді, деп хабарлады Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

«Кезектілік мәселесін шешу үшін мемлекет басшысы бұған дейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізінде толыққанды даму және қолдау институтын – жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды бере отырып, «Отбасы банк» құруды тапсырды», — деп еске салды Бейбіт Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, «Отбасы банкі» базасында «тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйге қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді қою күні бойынша бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен біріктірілетін болады. Базаға қайта енгізуге жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға тек бір рет қана қатыса алады», — деп нақтылады министр.

Сондай-ақ, министр 2021 жылы 17 миллион шаршы метр тұрғын үй салынатынын айтты.

«Биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, бұл — 163 мың тұрғын үй. Оның ішінде 6,5 млн шаршы метр жеке тұрғын үй және 10,5 млн шаршы метр көппәтерлі тұрғын үй», — деп хабарлады ИИДМ басшысы Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тұрғын үй құрылысына инвестициялар 2019 жылмен салыстырғанда 33,6% — ға өсіп, 2 трлн теңгені құрады.

2020 жылы республика бойынша 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 38,4 мың отбасына мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия