jasqazaq.kz

Қазақстандықтар маймыл шешегіне қарсы вакцина алуға міндетті ме?

27 шiлде 2022, 16:42

Қазақстандықтар маймыл шешегі вирусына қарсы вакцина алуы тиіс пе? Бұл сауалға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маймыл шешегі — денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп танылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының айтуынша, әр ел бойынша болжам бар. Маймыл шешегінің таралуына қатысты қазіргі қауіп Еуропа елдеріне қатысты болып отыр. Басқа елдерде қауіп орташа және төмен. Қазақстан маймыл шешегінің таралу қаупі бойынша неғұрлым төмен елге жатады», — деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-де өткен брифингіде. Сондай-ақ, министр орынбасары маймыл шешегіне қатысты вакцина алу мәселесін қозғады. «Біз 80-жылдарға дейін табиғи шешекке қарсы вакцина алдық. Табиғи және маймыл шешегі вирусы бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, ғалымдардың пікірінше, табиғи шешекке қарсы вакцина алғандар маймыл шешегі қаупінен қорғалған деп саналады. Олар инфекция жұқтырған жағдайда ауру жеңіл өтеді. Маймыл шешегі вирусына қарсы вакцинациялауға қатысты ДДҰ-ның нақты ұсынысы бар», — дейді ол. Оның айтуынша, маймыл шешегі вирусына қарсы бүкіл халықты вакцинациялаудың қажеті жоқ. «Өйткені, вирус өте тығыз байланыс болғанда ғана жұғады. Сәйкесінше, ол қоғамда тез қарқынмен таралмайды. Маймыл шешегіне қарсы вакцинаны оны жұқтырған адаммен өте жақын байланыс болғанда ғана алуға болады. Сондай-ақ, маймыл шешегі вирусын жұқтырған науқастарды емдейтін медицина мамандарына вакцина алуға кеңес беріледі», — деді А. Есмағамбетова. Айта кетсек, қазір орталық коммуникациялар қызметі алаңында еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты баспасөз мәслихаты өтіп жатыр. Брифингіде белгілі болғандай шілде айы басталғалы 3 қазақстандық коронавирустан қайтыс болды. Сонымен қатар, қазір әлемде омикрон штамының өршіп тұрғаны айтылды. Сондай-ақ, еліміз 300 мың доза Pfizer вакцинасын сатып алу бойынша келісім жүргізіп жатыр. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы жаңа препаратты клиникалық хаттамаға енгізуді қарастырып жатқаны мәлім етілді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр