jasqazaq.kz

Қазақстандықтар көбіне қай вакцинаны алғаннан кейін көз жұмған

12 қараша 2021, 19:25

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қандай вакцинадан кейін қанша адам қаза тапқанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

«2021 жылдың ақпан мен қазан айларының аралығында вакцина алған азаматтардың арасында 930 өлім-жітім тіркелді. Ал вакцина алмағандардың арасында 13 165 адам көз жұмды. Өздеріңіз де айырмашылықтың 16 еседен жоғары екендігін көріп отырсыздар. Вакцинация алмағандардың арасында өлім-жітім өте көп», — деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның нақтылауынша, 47 адам «CoronaVac», 681 адам «Спутник V», 75 адам «Hayat-Vax», 2 адам «Vero Cell», 33 адам Vero Cell Sinopharm және 36 адам инактивтелген Sinopharm SARS-CoV-2 вакцинасын алғаннан кейін көз жұмған. Ал QazVac-тан кейін 27 адам қайтыс болған.

Ал денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцинаның 1 және 2-компонентін алғаннан кейін 40 734 адам вирусты қайта жұқтырып алғанын айтады

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр