jasqazaq.kz

Қазақстандықтар қандай көлікті жиі сатып алады?

02 қыркүйек 2021, 16:33

Қазақстанда Lada-ны сатып алу көрсеткіші төмендеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ranking сарапшыларының мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-шілдесіндегі ең танымал бренд Chevrolet болды. Бұл маркадағы көліктің 17,8 мың данасы сатылған. Былтырғымен салыстырғанда көрсеткіш 18,6 есе артық.

Одан кейін Hyundai (14,3 мың), Toyota (8,2 мың), Kia (5,3 мың) және Lada (4,1 мың) тұр. Бұл ретте Hyundai – 78,5%-ке, ал Toyota мен Kia сатылымы тиісінше 46,5% және 43,8%-ке өссе, онда Lada сатылымы 2020 жылдың қаңтар-шілдесімен салыстырғанда екі есе төмендеген.

Жеңіл автомобильдерді сату көлемінің артуымен олардың бағасы да өсуде. Биылғы қаңтар-шілде айларында автомобильдер өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ке қымбаттады, бұл – соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Отандық автоөндіріс бір жыл ішінде 27,3%-ке, 47,2 мың көлік құралына дейін өсті. Бұл өсім бірінші кезекте жеңіл автомобильдер өндірісінің артуымен байланысты – 26,6% (40,7 мың бірлікке дейін). Шығарылған жүк автомобильдерінің саны 52,2%-ке, 5,3 мың бірлікке дейін ұлғайды.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде