jasqazaq.kz

Қазақстандықтар әлеуметтік жобалар туралы өз ұсынысын айта алады

21 маусым 2022, 10:44

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп 2023 жылы іске асырылуға тиіс әлеуметтік жобаларды жинамақшы. Ұсыныстар 1 тамызға дейін жолдануы керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұсыныстардың бәрі өкілетті органға жолданып, қаралады. Сол жерден жобаға қатысы бар мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға талдау жүргізу үшін, іске асыру мүмкіндіктерін қарау үшін жіберіледі. Ол үшін жобалар мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына, заңнамасы мен тиісті органдардың талаптарына сәйкес болуы шарт», — деп жазылған орталықтың ресми сайтында.

Орталық мамандары қабылданған жобалардың тақырыбы, мақсат-міндеті, күтетін нәтижесі мен қаржыландыру көлемі, іске асыру мерзімі мен қамту аумағы өзгеріске ұшырауы мүмкін екенін ескертіп отыр.

«Яғни, жолданған ұсыныстардың бәрі міндетті түрде іске асады деген кепілдік жоқ. Сондай-ақ жобаны қарау қорытындысы туралы кері байланыс болмауы да мүмкін. Жолданған ұсыныстар мемлекеттік органдардың оларды іске асыру мүмкіндігін қарап, талдау үшін ғана қолданылады», — деп жазылған сайттағы мәліметте.

 

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр