jasqazaq.kz

Қазақстандықтар ақшаны қай мемлекеттерде сақтайды?

25 шiлде 2018, 17:22

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың шетелдегі активтеріне қатысты ақпаратты жариялады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Салық салу әдістемесі бойынша департамент директоры Қайрат Жолмұxамбетовтың айтуынша, қазіргі заңнама аясында 240-шы декларация қарастырылған. Оған сәйкес, қазақстандықтар шетелде тапқан табыстары мен активтерін көрсетуі тиіс. «Мәселен, өткен жылы аталған декларацияны 68 мыңнан астам адам толтырды. Олардың ішінде 27 мың адам ақшаны рәсімдеді. Оның жалпы сомасы 820 миллиард теңгеден асты. Бұл ақша 108 елдің банктерінде жатыр. Негізгі мемлекеттер ол — Сингапур, Швейцария, Ливан, Оңтүстік Корея, Ресей және тағы басқалар», — деді Қ.Жолмұxамбетов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, шетелдегі ақшадан бөлек жылжымайтын мүлікке қатысты декларациялар да тапсырылды. Қазақстандықтар 69 мемлекеттегі 12 мың жылжымайтын мүліктерін рәсімдеді. Аталған мүліктің басым бөлігі Ресей, Болгария, Түркия, Испания, Ұлыбритания, АҚШ, Франция және тағы басқа елдерге тиесілі. «Осы орайда айта кеткен жөн, 240-шы декларацияда жылжымайтын мүліктің сомасын көрсету міндеті жоқ. Сондықтан нақты соманы айта алмаймын», — деп атап көрсетті Қ.Жолмұxамбетов.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді